Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Қазақстанда “2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Президент Жарлығын орындауды бақылауды бекіту құжаты мақұлданды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Құжатқа сәйкес, алдағы уақытта бірқатар конституциялық заң жобасы әзірленуі тиіс. Олар:

  • “Қазақстан Республикасының Президенті туралы”;
  • “Қазақстан Халық Кеңесі туралы”;
  • “Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы”;
  • “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” заң жобалары.

Заң жобалары 2026 жылғы сәуір айының соңына дейін дайындау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Үкіметке, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру тапсырылды. Бұл жұмыс 2026 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.

Бұдан бөлек, Үкімет Конституцияны кеңінен түсіндіру және насихаттау жөніндегі жоспарды 7 сәуірге дейін бекітуі қажет.

Құжатта құрылымдық бөлімшелерге жүктелген міндеттердің уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылған. Айта кетейік, Үкіметте жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 63 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 59 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 97 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды