Бас прокуратура Эпштейн файлдарынан қазақстандықтардың есімдерін іздеуде

Қазақстанның Бас прокуратурасы атышулы “Эпштейн файлдарында” Қазақстан азаматтарының есімдері бар жоғын тексеріп жатыр. Бұл туралы Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тексеріс әлі де жалғасуда. Материалдар 3 миллионнан астам хабарламадан тұрады.

“Құжаттар фрагментті, үзік-үзік. Қазір оларды толық зерттеп жатырмыз. Қазақстан азаматтарының аты атала ма, жалпы Қазақстан туралы қандай контексте сөз қозғалады — соның бәрі зерделенуде”, — деді Өтегенов.

Еске салайық, 31 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты бұрын-соңды болмаған көлемдегі материалдарды жариялаған еді. Ашық деректерге 3 миллионнан астам бет, 180 мың фото және 2 мыңға жуық бейнематериал кірген.

“Эпштейн файлдары” — америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнге қатысты қылмыстық іс материалдарының жиынтығы. Оның ішінде сот құжаттары, куәгерлердің жауаптары және байланыс тізімдері бар. Эпштейн кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау желісін құрды деп айыпталған.

Бұл құжаттарда саясаткерлер, бизнесмендер, ғалымдар және шоу-бизнес өкілдерін қоса алғанда, жүздеген ықпалды тұлғалардың есімі кездеседі. Олардың бір бөлігі Эпштейннің жеке аралына барған немесе оның ұшағын пайдаланған. Алайда сарапшылар атап өткендей, құжатта есімнің аталу фактісі адамның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдемейді.

Жарияланған материалдарда Қазақстанға қатысты да мәліметтер бар. Атап айтқанда, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің есімі сегіз рет кездеседі. Қазіргі таңда ол мемлекеттік опасыздық ісі бойынша 18 жылға сотталған. Сонымен қатар, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Келімбетовтің аты 90-нан астам рет аталады (кейбір жазбалар қайталанатыны ескертіледі).

Жарияланып кеткен ақпараттарда, 2011 жылғы 4 тамыздағы хаттардың бірінде белгісіз тұлға Эпштейнге “Джеффри, менің қасымдағы үйде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов тұрады. Сен оны танисың ба?” — деп жазады. Ал 2014 жылғы хат алмасуларда Эпштейннің айналасындағы адамдар кем дегенде үш рет Мәсімовке сәлем жолдағанын хабарлаған.

Бұл деректер қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алайда құқық қорғау органдары асығыс қорытынды жасамауға шақырады. Қазір басты міндет — ақпараттың шынайылығын, контекстін және ықтимал құқықтық салдарын мұқият тексеру.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 63 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды