Ресей Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінген азаматты экстрадициялады, деп хаарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Анықталғандай, күдікті 2023 жылы Қазақстан аумағында акциздік таңбасы жоқ темекі өнімдерін заңсыз сақтап, тасымалдаумен айналысқан. Ол тауарларды Ресейге заңсыз шығарып, сатуды көздеген.
“Нәтижесінде Қазақстан бюджетіне түспеген акциздік төлем көлемі 1 миллиард теңгеден асты. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған болатын”, — деп хабарлады Бас прокуратура.
2025 жылдың сәуір айында қазақстандық Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.








