Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Кеше дрондар шабуылы кезінде “Шесхарис” терминалы зардап шеккені хабарланған еді.

Министрлік мәліметінше, жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, аталған оқиға Қазақстан мұнайының экспорт көлеміне әсер етпеген.

“Бүгінгі таңда магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау қалыпты жұмыс режимінде жүргізілуде. Экспорттық жоспарлар кестеге сәйкес орындалуда”, — деді Энергетика министрінің кеңесшісі, ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Бұған дейін ресейлік БАҚ 5 сәуір, жексенбі күні Краснодар өлкесіне дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. Ең үлкен шығын Новороссийск қаласында тіркеліп, 8 адам зардап шеккен.

Шабуылдың басты нысаны — “Шесхарис” мұнай құю терминалы. Бұл Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай мен мұнай өнімдерін тиеуге арналған ең ірі кешендердің бірі әрі Новороссийск теңіз порты үшін стратегиялық маңызы зор нысан.

Аталған терминал арқылы, соның ішінде, қазақстандық мұнай да транзиттеледі. Дегенмен оның негізгі бөлігі Новороссийск қаласында орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы арқылы экспортталады.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде де “Шесхарис” терминалы дрондар шабуылына ұшыраған. Сол кезде мұнай базасы мен жағалаудағы инфрақұрылымға зақым келгені хабарланған. Алайда Қазақстанның Энергетика министрлігі мұнайды қабылдау мен тасымалдау штаттық режимде, ешқандай шектеусіз жүргізілгенін мәлімдеген еді.

Фото: 24tv.ua

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды