Бұршақ жауып, шаңды дауыл болады: Маусым айына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, маусым айында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Елдің әр аймағында ыстық пен салқын күндер алма-кезек ауысып, найзағай, жаңбыр, бұршақ, қатты жел, кей күндері шаңды дауыл болуы мүмкін.

Жоғары температуралық фонның әсерінен бүкіл республика бойынша найзағайлы, өткінші жаңбыр жиі жауады. Кей күндері салқын Атлантикалық ауа массалары келіп, ауа температурасы төмендейді.

Бірінші он күндікте батыс өңірлерде түнде +17, 22°C-тан +7, 12°C-қа дейін, күндіз +27, +32°C-тан +20, +25°C-қа дейін төмендейді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарында түнде +18, +28°C-тан +12,+23°C-қа дейін, күндіз +30, +38°C-тан +20, +30°C-қа дейін төмендейді. Бірақ онкүндіктің соңында қайта +25,+32°C-қа дейін жылынады.

Солтүстік пен орталықта бірінші онкүндіктің ортасында ыстық бәсеңдейді деп болжануда. Түнде ауа температурасы +10, +15°C, кей жерлерде +7°C болады.

Күндіз +25,+30°C-тан +18,+25°C-қа дейін төмендейді.

Шығыста түнде +10, +15°C, оңтүстігінде +20°C, күндіз +22, +30°C, кей жерлерде +35°C-қа дейін жылы болады.

Екінші он күндікте Оңтүстікте және Жамбыл облысында тіпті түнде де ыстық күтіледі. Түнгі температура +20, +28°C, күндіз +35, +43°C дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңына қарай сәл салқындайды – +28, +33°C.

Алматы мен Жетісу облыстарында ауа біртіндеп жылынады. Түнде +10, +20°C, күндіз +20, +35°C болады деп күтілуде. Таулы аймақтарда түнде +2, +12°C, күндіз +10, +30°C.

Екінші және үшінші онкүндікте батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ең ыстық күндері температура +33, +40°C, кей жерлерде +43°C-қа дейін жетеді. Солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасы түнде +15, +23°C-тан +2, +10°C-қа дейін, ал күндіз +25, +38°C-тан +15, +27°C-қа дейін ауытқиды.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды