АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы: Екі ел келісімге келді

Фото: istockphoto.com

Дональд Трамп АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімі жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Трамптың айтуынша, АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салынатын кедендік баж салығын 55 пайызға дейін төмендетеді, ал Қытай америкалық өнімдерге қойылған тарифті 10 пайызға дейін азайтады.

“Қытаймен арадағы келісіміміз аяқталды, енді тек мен және төраға Си тарапынан соңғы бекіту ғана қалды. Біз 55% баж салығын, ал Қытай 10% салық алады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тамаша. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!  Си екеуміз Қытай нарығын америкалық сауда үшін ашу бағытында тығыз жұмыс істейтін боламыз. Бұл екі ел үшін де үлкен жеңіс болмақ”, – деп жазды Трамп.

Сонымен қатар, АҚШ Қытай студенттеріне өз университеттерінде оқуға қайтадан рұқсат береді.

Келісім аясында Қытай АҚШ-қа сирек кездесетін металлдар мен магниттерді экспорттауға қойылған шектеулерді алып тастауға да келісті.

Айта кетейік, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі Трамп әкімшілігінің 2025 жылдың ақпанында Қытайдан импортталатын барлық тауарларға 10 пайыздық тариф енгізуімен басталды. Наурызда бұл мөлшерлеме 20 пайызға дейін көтерілді. Бұған жауап ретінде Қытай америкалық ауылшаруашылық өнімдеріне баж салығын енгізді.

Кейіннен АҚШ басқа елдерге де «өзара» тарифтер енгізіп, Қытайдан келетін өнімдерге салық мөлшерлемесін 145 пайызға дейін, ал Қытайдағы америкалық өнімдерге қойылған тарифті 125 пайызға дейін өсірген еді.

  • Related Posts

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

    Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды