Фото: kazinform.kz
Жоғарғы сот төрағасының азаматтық істер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды +7.kz.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланған іздеуде жүргендер туралы мәліметке сәйкес, Қарлығаш Тәткееваға 2025 жылдың 20 маусымынан бері іздеу салынды.
Іздестіру шараларына сот бастамашы болып, іспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті айналысуда.
Айта кетейік, Қарлығаш Тәткеева бұған дейін бірнеше инстанцияда судьялық қызмет атқарған. Ол Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болды, сонымен қатар Астана қалалық сотында жұмыс істеді.
Іздеу салу себептері ресми түрде нақтыланған жоқ.








