Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды +7.kz.

Алматы маңындағы таулардан Нұрислам Ақылбектің мәйіті табылды. Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қазір нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

“11 шілде күні сағат 07:30-да Алматы тауларында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары барысында, дронның көмегімен теңіз деңгейінен 3000 метрден аса биіктікте ер адамның мәйіт табылды”, – деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар мәйітті тасымалдау үшін оқиға орнына жедел жетті. Жолдың бәрі жаяу жүріп өтілді және 2,5 сағаттан астам уақытты алды.

“Оқиға орнында жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Марқұмның жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр”, – деп толықтырды департамент.

Еске салсақ, Нұрислам 2 шілде күні үйінен шығып, тауға қарай бет алған. Осыдан кейін байланысқа шықпаған. Алдымен туыстары өз беттерінше іздестіргенімен, кейін арнайы қызметтерден көмек сұрауға мәжбүр болды.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде жолға шығып кеткен кішкентай қызды жүргізушілер құтқарып қалғанын жазғанбыз.

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды