АСТАНА, 1 маусым – «Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат порталы.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды.

Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады.

Сонымен қатар оқушыларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.








