Фото: istockphoto.com
Дональд Трамп АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімі жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Трамптың айтуынша, АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салынатын кедендік баж салығын 55 пайызға дейін төмендетеді, ал Қытай америкалық өнімдерге қойылған тарифті 10 пайызға дейін азайтады.
“Қытаймен арадағы келісіміміз аяқталды, енді тек мен және төраға Си тарапынан соңғы бекіту ғана қалды. Біз 55% баж салығын, ал Қытай 10% салық алады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тамаша. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет! Си екеуміз Қытай нарығын америкалық сауда үшін ашу бағытында тығыз жұмыс істейтін боламыз. Бұл екі ел үшін де үлкен жеңіс болмақ”, – деп жазды Трамп.
Сонымен қатар, АҚШ Қытай студенттеріне өз университеттерінде оқуға қайтадан рұқсат береді.
Келісім аясында Қытай АҚШ-қа сирек кездесетін металлдар мен магниттерді экспорттауға қойылған шектеулерді алып тастауға да келісті.
Айта кетейік, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі Трамп әкімшілігінің 2025 жылдың ақпанында Қытайдан импортталатын барлық тауарларға 10 пайыздық тариф енгізуімен басталды. Наурызда бұл мөлшерлеме 20 пайызға дейін көтерілді. Бұған жауап ретінде Қытай америкалық ауылшаруашылық өнімдеріне баж салығын енгізді.
Кейіннен АҚШ басқа елдерге де «өзара» тарифтер енгізіп, Қытайдан келетін өнімдерге салық мөлшерлемесін 145 пайызға дейін, ал Қытайдағы америкалық өнімдерге қойылған тарифті 125 пайызға дейін өсірген еді.








