Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды

Айзат Жұманованың өліміне күдікті күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға сотталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы сот үкімімен марқұм Айзат Жұманованың отбасына моральдық зиян үшін 20 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан Айбар Жанболатқа орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Айыптаушы тарап жәбірленушілердің пайдасына Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 АЕК көлемінде өтемақы өндіріп алуды ұсынған.

Сот отырыстарының бірінде прокурор қайғылы оқиға болған күні тергеу әрекеттеріне қатысқан анықтаушы Дәулет Кәріпжановты қосымша куәгер ретінде жауапқа шақыру туралы өтініш білдірді.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 21–22 маусымға қараған түні Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. Отбасылық жанжал кезінде күйеуінің қол жұмсауынан Айзат Жұманова қаза тапқан.

  • Related Posts

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды