АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Хаммонтон қаласында екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NBC News басылымына сілтеме жасап.

Хаммонтон муниципалдық билігінің мәліметінше, полицияға апат туралы хабарлама жергілікті уақытпен сағат 11:25-те түскен. Соқтығысудан кейін екі тікұшақ та жерге құлаған, олардың бірі өртеніп кеткен.

Апат салдарынан бір ұшқыш оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатты жарылыс дыбысы естілген. Тікұшақтар бір орында айналып ұшып, кейін биіктігін күрт жоғалта бастаған.

Азаматтық авиация федералдық басқармасының дерегіне сәйкес, Хаммонтон әуежайының маңында Enstrom F-28A және Enstrom 280C үлгідегі тікұшақтар әуеде соқтығысқан. Әр әуе кемесінде тек бір-бір ұшқыш болған.

Қазіргі таңда оқиға бойынша АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесінің басшылығымен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: nbcnews.com

Related Posts

Трамп АҚШ НАТО-дан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің НАТО-дан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына…

Толығырақ

Трамп: АҚШ пен Иран арасында келіссөздер өтті

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жаңа дипломатиялық кезеңге өтті. Дональд Трамп соңғы екі күн ішінде Вашингтон мен Тегеран арасында…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды