Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку қаласынан Грозныйға ұшып шыққан AZAL рейсі Ақтауға жақын жерде апатқа ұшырады. Апаттан бері тура бір жыл өтті. +7.kz тілшісі ұшақ апатына қатысты ақпараттар мен тергеу амалдары қазір қалай жүріп жатқаны туралы толыққанды ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының J2-8243 рейсінің апатына бір жыл өтті. Embraer 190 ұшағы Грозный әуежайына қонуға тырысқанымен, жағдайдың қауіпті болуына байланысты бұл мүмкін болмады. Басқару жүйелері істен шығып, ұшақты басқару қиындаған соң, ұшқыштар Қазақстандағы Ақтау әуежайына шұғыл қонуға бет алған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 05:13 UTC уақытында негізгі басқару жүйелері толық істен шығып, экипаждың маневр жасау мүмкіндігі шектелген.

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Фото: Reuters

Ақтауға жақындаған кезде жермен байланыс 10:28-де (жергілікті уақыт) үзілген. Көп ұзамай ұшақ ұшу-қону жолағынан шамамен 3 шақырым жерде жерге соғылған. Алдымен оң қанатымен соғылып, аударылып, кейін жарылып кеткен. Қалдықтар шөлді аумаққа шашыраған.

Ұшақтағы 67 адамның 38-і қаза тапқан. 29 адам тірі қалған, алайда олардың көбі ауыр жарақат алған.

Құтқару қызметтері апат орнына бірнеше минут ішінде жетіп, өртті сөндіріп, аман қалғандарға көмек көрсеткен. Мамандар жараланғандарды емдеп, қаза тапқандардың денесін шығару жұмыстарын тәулік бойы жүргізген.

Ерлік көрсеткен экипаж

Azerbaijan Airlines компаниясының J2-8243 рейсінің экипажы бес әзербайжандық азаматтан тұрған. Ұшақты капитан Игорь Кшнякин мен екінші ұшқыш Александр Каляниннов басқарған. Оларға аға бортсерік Хокума Алиева және бортсеріктер Зүлфугар Асадов пен Айдан Рахимли көмектескен.

Тірі қалған жолаушылардың айтуынша, апат алдындағы соңғы сәттерде Хокума Алиева жолаушыларды сабырға шақырып, қауіпсіздік белдіктерін тағуды қайта-қайта ескерткен. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жариялаған аудиожазбада оның «Бәрі жақсы болады» деген сөзі естіліп, бұл сөз оның батылдығы мен сабырлылығының символына айналды.

Олар 2024 жылғы 29 желтоқсанда Бакудегі II Құрмет аллеясында мемлекеттік құрметпен жерленді.
Сол күні президент жарлығымен үшеуіне Әзербайжанның Ұлттық батыры атағы мен «Рəşадәт» (Ерлік) медалі берілді.

Тірі қалған экипаж мүшелері Зүлфугар Асадов пен Айдан Рахимли I дәрежелі «Рəşадәт» орденімен марапатталды.

Жолаушылар

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Фото: Reuters

Тергеу деректеріне сәйкес, жолаушылардың 37-сі – әзербайжандық, 16-сы – ресейлік, 6-уы – қазақстандық, 3-еуі – қырғызстандық болған.

Зардап шеккендер Маңғыстау облысының ауруханаларына жеткізіліп, бас жарақаттары, сынулар мен ауыр күйзеліс диагнозымен емделді.

Тергеу

Қазақстан билігінің соңғы мәліметінше, апатқа қатысты ресми тергеу соңғы кезеңіне жеткен. Алдын ала есептер ұшаққа сыртқы әсер болғанын, гидравликалық жүйелердің зақымданғанын көрсетті.

Әзербайжан тарапы ұшақ Ресей әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны жарылғаннан кейін зақымданғанын мәлімдеді.

“Біз ұшақтың Ресей тарапынан атып түсірілгенін анық білеміз. Бұл әдейі жасалды деп айтпаймыз, бірақ бұл – болды”, – деді Ильхам Әлиев.

2025 жылғы 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет ресми түрде жауапкершілікті мойындап, әуе қорғанысы зымыранының жарылысы ұшаққа зақым келтіргенін айтты.

Еске алу

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Фото: Azernews

Қайғылы оқиғаның бір жылдығына орай Әзербайжанда еске алу шаралары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, әуе компания басшылығы және қаза тапқандардың туыстары қатысты.

Еске алу рәсімі аясында бірқатар әзірбайжандық шенеуніктер Бакудегі II Құрмет аллеясына барған. Қатысушылар қаза тапқан экипаж мүшелерінің қабіріне гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ қаза болғандарды еске алу мақсатында Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда да бір минут үнсіздік жарияланды.

Ал 20 желтоқсанда, еске алу іс-шаралары аясында AZAL басшылығы мен қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары Қазақстан Республикасындағы Ақтау қаласы маңында орналасқан ұшақ апаты болған жерге барып, марқұмдардың рухына тағзым етті.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 41 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 63 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 127 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 58 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 55 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 96 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды