Ақтөбе облысында қала әкімі әйелді ұрып-соқты деп айыпталды

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының әкіміне әйелді ұрып-соқты деген айып тағылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкіміне қатысты іс қарала бастады. Оған Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

“2024 жылдың 26 желтоқсанында Қандыағаш қалалық әкімдігінің ғимаратындағы қала әкімінің кабинетіне танысы барады. Арасындағы түсініспеушіліктен жанжал басталған. Айыпталушы дауыс көтеріп, танысына ашуланып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Қасына барып, мойнынан қысып ұстап, сол жақ бас және мұрын тұсынан бірнеше рет ұрған. Денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтіріп, Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1 бөлігімен көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасаған”, — деді прокурор Аманжолов.

Сот отырысы кезінде жәбірленуші әйел екі арадағы қарым-қатынастың ақ-қарасын анықтау үшін әкімдікке барғанын айтты. Алайда сотталушы өзіне күш қолданып, дәрігерге қаралғанын жеткізді.

“Мойнымдағы жарақатты көрген соң дәрігер қайдан жарақат алғанымды сұрады. Мен бұл кісінің аты-жөнін атай алмадым. Бірақ қызметі әкімдікте, лауазымды тұлға деп айттым. Ауруханаға полиция қызметкерлері келді. Олар 24 сағатта арыз қаралатынын айтқан соң құлап қалғанымды жаздым. Қазіргі таңда болған оқиғаны қалай бар, солай жариялап, тәртіптік жаза сұрауды жөн көріп отырмын. Ойлана келе арыз жазамын деп шештім”, — деді жәбірленуші.

Айта кетейік, жәбірленушіде ауруханадағы анықтаманың уақыты 27 желтоқсан деп тұр. Оның себебін дәрігерлердің қателігі деп түсіндірді. Ал арыздың неліктен жарты жылдан соң жазылғанын “полиция дәлел жеткіліксіз деп қабылдамады, кейін прокуратураға шығым жаздым” деп түсіндірді. Жәбірленуші өзіне жергілікті блогер, жұмыс орнының басшысы, өзге балабақша меңгерушісі хабарласып, арызды қайтарып алуын сұрағанын жеткізді. Ол мұны жанама қысым деп түсінген.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

Фото: pixabay.com

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды