Ақтөбеде дәрігерді қатігездікпен өлтірген мейіргер сотталды

Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер Нұрсұлтан Шаймерденов 20 жылға бас босандығынан айырылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Оған қоса жәбірленушілерге 10 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовке үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру”, “Ұрлық” баптарымен айыпты деп танылды.

“Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша 16 жыл, 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 4 жыл 8 ай, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. А.Айсағалиевтің атынан берілген азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылсын. Сотталушы Нұрсұлтан Шаймерденовтен 2 837 321 теңге, заңды өкілінің шығыны ретінде 3 млн теңге, моральдық шығын 10 млн теңге өндірілсін. Заттай айғақтар жәбірленуші тараптың иелігіне берілсін. Оның ішінде 4 480 050 теңге, 50 еуро, сағат, алтын бұйымдар бар”, — делінген сот шешімінде.

Айта кетейік, биыл нефролог Абай Айсағалиевті 31 жастағы мейіргер өлтірді деген күдікке ілікті. Екеуі бір-бірін таниды, бір емдеу орнында жұмыс істейді. Мейіргер дәрігерді өлтірген соң денесін мұздатқышқа салып, гаражға, кейін көпқабатты үйдің жертөлесіне апарады.

Прокурор сотталушыны айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды