Ақын Күләш Ахметова дүниеден өтті, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, “Парасат” және “Құрмет” ордендерінің иегері Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды.
Күләш Ділдәқызы Ахметова(1946 жылы 25 сәуірдеҚырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын, журналист, аудармашы.
Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген “Ақ гүлім менің”, “Сен менің бақытымсың”, “Бұлақтағы жұлдыздар”, “Мейірім”, “Жапырақ – жаздың жүрегі” секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тапты.








