Алатау қаласына арнайы мәртебе берілді

Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды +7.kz

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

“Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды.

Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады”, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев қелесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру екенін мәлімдеді.

“Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.  Арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн. 

Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда  Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. 

Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет”, – деді Тоқаев.

Фото: Primeminister.kz

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды