“Әлі дайын емес”: Олжас Бектенов әкімдерді сынға алды

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдердің  жылыту маусымына дайындығын сынға алды, деп хабарлайды +7.kz.

Қазақстанның солтүстігінде жылыту маусымының басталуына бір айдан аз уақыт қалды, алайда бірқатар облыстарда жылу нысандарын жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмай қалу қаупі бар.

Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов әкімдердің әлсіз жоспарлауын және бақылаудың жоқтығын қатаң сынға алды.

Премьердің айтуынша, Степногорск қаласында резервтік қазандық әлі жөнделмеген, Маңғыстауда екі турбинаны жөндеу мерзімі кейінге шегерілген. Ал Ақтауда жылу желілерін қайта құру қарқыны төмен. Мұндай мәселелер көпшілік өңірлерде анықталуда.

“Бұл әлсіз үйлестіру мен орындаушылық тәртіптің нәтижесі. Тыйым салынғанына қарамастан, KEGOC әлі күнге дейін ұзаққа созылған жөндеулерге рұқсат беріп отыр”, деді Бектенов.

Үкімет басшысы 1 қыркүйекке дейін мазут жеткізу кестесін бекітіп, өңірлерге отын мен көмірді жеткізуді қамтамасыз ету тапсырмасын берді. Оған қоса, 1 қыркүйекке дейін мектептердің жылыту маусымына дайындығын аяқталуы, 15 қазанға дейін ТКШ және медицина нысандарын толық әзірленуі қажет. 

Сондай-ақ Бектенов жылу электр орталықтарының дайындық паспортынсыз жұмыс істеуіне жол бермеуді тапсырды.

“Ерекше бақылауда Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау. Жылыту маусымы қатаң түрде уақытында басталуы тиіс. Өңірлік штабтар күнделікті жұмыс істеуі қажет”, деп атап өтті Бектенов.

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды