Алматы 2026 жылдың ең үздік туристік бағыттарының қатарына енді

Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Bloomberg Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Оның ішінде қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығы көрсетіледі.

“Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы Альпі көлдері мен тау шаңғысы беткейлеріне қарай бет алды. Мәдениетке салынған ірі инвестициялардың арқасында бұл сандар өседі”, — деп жазады басылым.

Bloomberg Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақтың тау беткейлеріне бару ұсынылады.

“Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізілуі — маңызды халықаралық мойындау және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл елдің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артқанын және халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын растайды. Соңғы жылдары еліміз жетекші әлемдік БАҚ рейтингтерінде жиі енуде”, — деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының м. а. Даниел Сержанұлы.

Bloomberg жыл сайынғы рейтингі туристік трендтерді сараптау, сала жаңалықтарын туризм саласындағы сарапшылармен талдауы негізінде қалыптастырылады.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 128 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды