Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды

Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлайды +7.kz.

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, сағат 22:06-да ер адам әуежай кассасы маңында өзін-өзі өртеуге әрекет жасаған. Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған.

“Аталған дерек бойынша көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр”, – деп хабарлады Алматы қалалық көліктегі полиция департаменті.

Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның жағдайы туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, пациент жедел медициналық жәрдем бригадасымен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды.

“Науқастың жағдайы өте ауыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр”, – делінген хабарламада.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды