Алматы әуежайында ер адамның өзін не себепті өртемек болған белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, бұған ер адамның азаматтық жұбайымен арадағы жеке жанжалы себеп болған.
“Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады”, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Желіде Алматы әуежайында болған оқиғаның басқа да видеолары тарады. Видеода оқиғаның “Nur Ai & Co” турагенттігінің әйуежайдағы кеңсесінде болғанын көруге болады. Желіде тараған кадрларда ер адамның әуежай кассасында телефонмен сөйлесіп, бір мезгілде полицейлермен сөзге келіп тұрғаны көрінеді. Кейін ол үстіне жанармай құйып, бөлмеден әйелді шығарып жібереді де, есік алдында тұрған құқық қорғаушылармен сөзге келе бастайды. Артынша өзін жағып жіберген.
“Ол кіріп, телефон сұрап, біреуге қоңырау шала бастады. Әңгімесінде рейске үлгермегенін айтты ма, белгісіз. Содан кейін үстіне бензин құйды. Біздің агент одан шығуды өтінді, ол оны шығарып жіберді де, кейін өзін өртеп жіберді. Біздің қызметкеріміз, батыл Ксения, абыржымастан, өте дұрыс әрі жылдам әрекет етті”, – деп жазды Facebook-та “Nur Ai & Co” тур агенттігінің директоры Гүлмира Садвакасова.
Еске салсақ, 25 тамыз күні Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болған.








