Алматы әуежайында пышақпен қызды кепілге алып, әуежайды жарып жіберем деп қорқытқан зейнеткерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды +7.kz.
Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында күдікті 67 жастағы Машрапбек Баратовқа қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Іс материалдарына сәйкес, наурыз айының басында әуежай аумағында серуендеп жүріп, билеті мен құжаттары болмаса да Астанаға ұшып кетуді ойлаған. Алайда әуежайдың қауіпсіздік қызметінің инспекторы Ботагөз Мұхтарова оны өткізбей қойған, ашуланған күдікті қызды кепілге алған. Кездейсоқ жолаушы Мұса Әбдірайымовтың араласуымен қыз құтқарылған еді.
Сот үкімін оқыған төрағалық етуші судья Анар Қарашева айыпталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары, оның кінәсін толық мойындауы және шын жүректен өкінуі арқылы дәлелденгенін атап өтті.
“Сот ұсынылған барлық дәлелдерді, айыпталушының шын жүректен өкінуін және оның әрекетінің қауіптілігін ескере отырып, Машрапбек Баратовты кінәлі деп танып, оған түпкілікті 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның 2024 жылдың қарашасында жасаған бұзақылығы үшін бұрынғы өтелмеген соттылығы ескеріліп, жазасы 11 жылға дейін ұлғайтылды”, – деді судья Анар Қарашева.
Зардап шеккендер сот үкімі жарияланған отырысқа қатысқан жоқ.
Осыған дейін Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдікті кінәсін мойындағанны туралы жазған едік.








