Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрлан Әбдірахым Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz

Бұл қызметте Әбдірахым денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелеріне жетекшілік етеді.

Нұрлан Әбдірахым 2023 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Ол “Қайнар” университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. Заңгер, “саясаттану” мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер магистрі.

Нұрлан Абдрахим еңбек жолын 2001 жылы “Астанаэнергосервис” АҚ абоненттік учаскесінің бақылаушысы болып бастаған. Әділет министрлігінде жұмыс істеп, жетекші маманнан департамент директоры және Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ әр жылдары Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. “Құрмет” орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Еске салайық, Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін қала әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер басталды. Соңғы уақытта бірнеше негізгі лауазым иелері ауыстырылды. 7 тамызда Алматы әкімінің орынбасары қызметінен Әсем Нұсупова, ал 14 тамызда Асқар Әмрин кеткені белгілі болған еді.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды