Алматы облысындағы қоқыс полигонында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ ҚР ТЖМ “Қазселденқорғау” ММ мамандары жұмылдырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген еді.
Ал сенбі күні төтенше жағдайлар министрлігі, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт оқшауланғанын хабарлаған.








