Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептерге террорлық шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тараған. Бұл ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі жарияланымдарда қару-жарақтың фотосуреттері, сондай-ақ авторларының айтуынша, террорлық шабуыл жасалуы мүмкін делінген қалалық мектептердің тізімі көрсетілген. Аталған тізімде ондаған оқу орнының нөмірлері берілген.
Алматы қалалық полиция департаментінде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен басқа да жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда”, – делінген хабарламада.
Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен таралу көзі анықталуда.
“Оны таратуға қатысы бар тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД.
Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі балалардың қауіпсіздігіне қатысты әдейі жалған ақпарат тарату ауыр құқықбұзушылық болып саналатынын және ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын қоса атап өтті.
Фото: depositphotos.com








