Алматы мен Астанада бензин қымбаттады, деп хабарлайды +7.kz.
Елордада бағаның көтерілуі Qazaq Oil желісінде байқалды. 10 күн бұрын АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 228 теңге тұрған. АИ-95 – 273 теңге, ал АИ-98 – 310 теңге болған.
2 қыркүйекте АИ-92 бұрынғы 228 теңге деңгейінде қалды, ал АИ-95 қымбаттап – 276 теңге болды. АИ-98 бағасы да өсіп, 314 теңгеге жетті.
Астанадағы Gasenergy жанармай құю бекетінде 10 күн бұрын АИ-92 – 227 теңге, АИ-95 – 279 теңге, АИ-98 – 329 теңге болған. Қазіргі таңда АИ-92 бағасы – 229 теңге, АИ-95 – 281 теңге, ал 98-ші бензин өзгеріссіз қалды.
Helios бекеттерінде тек АИ-92 қымбаттады – 223 теңгеден 225 теңгеге дейін. АИ-95 бұрынғыдай – 266 теңге.
Ал Алматы да осы үрдістен қалыс қалған жоқ. 10 күн бұрын АИ-92 орта есеппен 225 теңге тұрған. Қазір орташа баға 226-227 теңгеге жетті.
АИ-95 литрі алматылықтарға бұрын 288 теңге болса, енді 290 теңге болды.
Royal-Petrol жанармай құю бекетінде АИ-92 – 225 теңге, ал АИ-95 – 285 теңге.
Compass желісінде АИ-92 – 226 теңге, АИ-95 – 290 теңге, ал АИ-98 – 345 теңге.
Qazaq Oil желісінде АИ-92 – 227 теңге, АИ-95 – 285 теңге, ал АИ-98 – 319 теңге.








