Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды +7.kz.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.
“Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – делінген ресми хабарламада.
Фото: depositphotos.com








