Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорлады деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Фото: depositphotos.com








