Алматы тауларында жоғалып кеткен үш жігіттің бірінің мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен үш жігіттің бірінің мәйіті табылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бүгін тауда жоғалып кеткен үш жігіттің бірінің мәйіті табылғанын растады. Қалған екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне бір қыздан хабарлама түскен. Ол ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кеткенін және қайта оралмағанын айтқан. Жоғалғандардың телефондары 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған.

Хабарлама түскеннен кейін болжамды іздеу аймағына ТЖМ-нің күштері мен құралдары жедел түрде жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің “Қазавиақұтқару” тікұшағы көтеріліп, әуеден барлау барысында құтқарушылар “Тұйықсу” мұздығы, “Мынжылқы” шатқалы және “Локомотив” шыңы маңындағы аумақтарды тексеруде.

“Іздеу жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен “Локомотив” шыңы ауданында бір адамның мәйіті табылды. ТЖМ әуе кемесі арқылы теңіз деңгейінен 3700 метр биіктіктен төмен түсіру жұмыстары жүргізіліп, мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адамның жеке басы сараптама қорытындысынан кейін анықталады.

Фото: Видеодан скрин

 

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды