Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жыққан, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған.
Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.
Оның айтуынша, ұлын шамамен 15-20 ер адам ұрып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бойынша іс қозғаған.
“Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Фото: Видеодан скрин








