Алматыда 25 ақпанда дабыл сиреналары іске қосылады

Алматыда 25 ақпанда дабыл сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

25 ақпанда сағат 11:00-де “Көктем-2026” республикалық оқу-жаттығуы аясында қалалық төтенше жағдайлар қызметі халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді.

Тексеру барысында “Барлығыңыздың назарыңызға!” дабылы беріліп, қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылады. Сондай-ақ сынақ хабарламасын тарату мақсатында теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі іске қосылады.

“Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. “Барлығыңыздың назарыңызға!” сигналы — төтенше жағдай туындаған немесе қауіп төнген кезде шұғыл ақпарат берер алдында халықтың назарын аудару үшін қолданылатын ескерту белгісі. Дыбыстық сигналды естіген жағдайда тұрғындарға теледидар немесе радионы қосып, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы берілетін ақпаратпен танысу және ұсынылған нұсқауларды қатаң сақтау ұсынылады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 25–26 ақпан күндері қаланың барлық ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу шаралары жүргізіледі. Қазіргі таңда су тасқынына қатысты жағдай бақылауда. Жедел қызметтер қажетті профилактикалық жұмыстарды алдын ала атқарған.

Мамандардың айтуынша, маусымдық өзгерістер көбіне қалың жауын-шашын мен көктемгі қардың еруіне байланысты. Бұл Алматы үшін қалыпты құбылыс саналады. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде қала аумағынан шамамен 150 мың текше метр қар шығарылған.

Фото: Алматы әкімдігі

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды