Алматыда автобус пен 4 көлік соқтығысып, 23 адам зардап шекті

Алматыда автобус пен 4 көлік соқтығысып, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды +7.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ауыр жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында, сағат 18:10 шамасында орын алған.

Борандай тасжолымен шығыс бағытта келе жатқан жүк көлігі алдымен Mercedes пен Kia маркалы көліктеріне соқтығысқан. Оқиғадан кейін көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар автобусы мен Subaru көлігіне барып соғылған.

“Жол апаты салдарынан 23 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Аталған оқиға бойынша ресми тергеу басталды” – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала №2 балалар ауруханасына, 7 ересек адам №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

“Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетуден кейін олардың барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалған зардап шеккендер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді”, – деп хабарлады басқармадан.

Ал Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аурухананың қабылдау бөлмесіне 12 адам келіп түскен. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықтағы және қанағаттанарлық деп бағаланған.

“Барлық зардап шеккендерді дәрігерлер қарады, содан кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді”, – делінген хабарламада.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды