“Телефоныңды ал”: Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушының арасында жанжал шықты

Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушының арасында жанжал шықты, деп хабарлайды +7.kz.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жолаушы жүргізушінің автобус айдап бара жатып телефон қолданғанына ескерту жасаған.

Видеода жолаушы жүргізушіге рульде отырып телефон пайдалануға болмайтынын айтады. Жүргізуші ескертуге ашуланып, ер адамға “Жоғал” деп жауап берген. Ашуланған жүргізуші автобусты тоқтатып, жолаушыны сыртқа итеріп шығармақ болған. Артынша жүргізуші ер адам автобустан түспейінше әрі қарай жүрмейтінін айтқан.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Жүргізушінің әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

“Алматыэлектротранс” компаниясы бұл оқиға бойынша тексеру жүргізілгенін, ал жүргізушіге компанияның ішкі ережелеріне сәйкес шара қолданылатынын жеткізді.

“Компания атынан жолаушылардан бұл жағымсыз оқиға үшін кешірім сұраймыз. Жолдағы қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз. Жүргізушінің қозғалыс кезінде телефон пайдалануы мүлдем жол берілмейтін жағдай. Сол сияқты, жолаушылар да жүргізушіні алаңдатпауы немесе салонда жанжал туындатпауы тиіс, себебі бұл барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін”, – деді компанияның баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды