Алматы қаласындағы үш қабатты ғимараттардың бірінде алапат өрт шықты, деп хабарлайды +7.kz.
Алатау ауданы, Н. Данченко көшесіндегі үш қабатты ғимаратта өрт шықты.
Оқиға орнында штаб құрылып, екі учаске белгіленген, бірнеше су шашатын құрылғы іске қосылған және су жеткізілуі қамтамасыз етілген. Қалың түтін мен жоғары температура салдарынан өрт сөндіру қиындаған.
“Оқиға орнына бара жатқан алғашқы бөлімшелер көлік кептелісіне тап болып, уақытынан кеш барған”, – деді төтенше жағдайлар министрлігінен.
Қазіргі уақытта өртті локализациялау шаралары жүргізілуде. Зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.








