Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2007 жылы туған сарбаздың жағдайы орташа ауыр. Ол қазір қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдап жатыр.
“Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологі кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізіліп жатыр”, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Еске салайық, 2025 жылғы 4 қазанда Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп кеткені белгілі болған. Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.
Фото: Қалалық денсаулық сақтау басқармасы








