Алматыда жасөспірім кішкентай баланы асфальтқа аясуыз лақтырып жіберген сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды +7.kz.
Бала сүйегін сындырып алды.
Жәбірленуші баланың анасы жариялаған кадрларда белгісіз жасөспірім аулада баланы көтеріп, жерге лақтырған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
“23 тамыз күні сағат 20:15 шамасында менің екі жасар балам аулада ойнап жүрген. Сол кезде 13 жастағы бала келіп, оны қолына алып, жоғарыға лақтырып жіберді де, қашып кетті. Біз артынан барғанша ол қашып үлгерді”, – деді жәбірленуші баланың анасы.
Оқиғадан кейін баланың анасы жәрдем шақырып, баланы ауруханаға апарғанын, кейін полицияға арызданғанын айтты.
“Ертеңінде, 24-і күні, мен учаскелік полиция қызметкеріне хабарластым. Ол менің арызымды қабылдап, баланы тапқанын айтты. Оның аутизмі бар және психикалық дамуы кешеуілдеген екен”, – деді жәбірленушінің анасы.
Әйелдің сөзінше, сол кеште қылмыскердің ата-анасы олардың үйіне келіп, емдеу шығынын өтейміз деп уәде берген, бірақ кейін өз сөздерінен бас тартқан. Зардап шеккен баланың анасы полицияның әрекетсіздігіне наразы.
“Оқиғадан бері үш күн өтті, бірде-бір полицей хабарласпады. Ал дүйсенбіде маған: “Сіздің арызыңыз қабылданбайды, себебі 13 жасар балаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайды” деді. Егер 13 жасар бала менің ұлымды өлтіріп, ешкім жауапқа тартылмай ма”, – деп ашуланды ана.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деді полиция өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








