Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қызды көлік қағып кетті. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 желтоқсан күні сағат 22:00-де Ауэзов ауданында болған.
Chevrolet маркалы автокөлік жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.
Полиция мәліметінше, 2008 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын қазіргі уақытта Ауэзов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








