Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ “Сейсмологиялык зерттеу институты” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің магнитудасы 3 балл болғанын хабарлады.
Жер сілкінісі Алматы облысында бірқатар елдімекендерде де байқалған.
Қалада екі рет дабыл жүйесі іске қосылған.
Эпицентрі Қытайда Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км жерде орналасқан.
Эпицентрдің координаттары 41.021º солтүстік ендік, 78.387º шығыс ендік. Тереңдігі 5 км.
Фото: pixabay.com








