Алматыдағы “Бағанашыл” балалар үйі Қонаевқа көшірiлмейтін болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы “Бағанашыл” балалар үйін Қонаев қаласына көшірмеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды +7.kz.

Президенттің кеңесшісі Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен балалар көшірілмейтін болды.

“Алматы қаласындағы “Бағанашыл” балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіру жоспарына қатысты туындаған жағдаймен танысқаннан кейін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалар үйін жөндеуден өткізіп, тәрбиеленушілердің оқуын оңтүстік астанада жалғастыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ бұл нысанды қала балансына қабылдауды тапсырды”, – деп жазды Руслан Желдібай.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізетін болады.

“Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне заңнамада кепілдік берілген барлық құқықтар толық көлемде сақталады”, – деп қосты Руслан Желдібай.

2025 жылдың наурыз айында облыстық №1 балалар үйін Алматыдан Қонаев қаласына көшіру жоспарланғаны белгілі болды. Қоғам белсенділері Алматының элиталық аудандарының бірі – Бағанашылда орналасқан бұл жер телімі кейбір құрылыс компанияларының қызығушылығын тудырғанын, олар бұл жерде тұрғын үй кешенін салғысы келетінін айтқан болатын. Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевтағы жаңа ғимаратқа көшірмеуді сұрап, видеоүндеу жолдады.

Кейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан қала сыртындағы жаңа ғимаратқа көшірілмейтінін мәлімдеген.

Алайда 11 шілдеде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мекемені көшіру туралы бұйрықтың жарияланғанына байланысты ашуын білдіріп, наурыз айында билік балаларды Алматыдан көшірмейміз деп уәде бергенін еске салды.

Кейінірек балалардың Қонаевқа жіберіліп жатқаны белгілі болды.

Фото: ҚМА

 

View this post on Instagram

 

A post shared by +7.kz (@plus7.kz)

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды