Алматыдағы балалар үйіндегі өрт: Тәрбиеленушілердің жағдайы белгілі болды

Алматыда өртенген балалар үйінің тәрбиеленушілері санаторийге орналастырылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кезінде балалар үйінде 35 кәмелетке толмаған бала мен мекеме қызметкерлері болған. Барлығы эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Әкімдіктің мәліметінше, балалар уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылған, онда оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде.

“Балаларға тамақ берілді, бөлмелерге орналастырылды, сырт киіммен, азық-түлікпен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді, сондай-ақ тәттілер берілді”, деп хабарлады әкімдік.

Оқиға орнында әкімдік пен қалалық қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қамқоршылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Алматы қаласының Балаларды қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр.

Министрлік балалардың жағдайы жақсы екенін және олардың қауіпсіз жерде екенін мәлімдеді.

“Қазір барлық тәрбиеленушілердің жағдайы жақсы, олар қауіпсіз орында. Медициналық қызметкерлер тексеру жүргізді, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетілді. Балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта балаларды әрі қарай орналастыру мәселесі шешіліп жатыр”, делінген ведомство хабарламасында.

Анықталғандай, бұл балалар үйі жеке қайырымдылық ұйымы.

Айта кетейік, Ірі өрт 9 қараша күні Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан “Перзент” атты жеке қайырымдылық балалар үйінің аумағында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, аумақта асхана ғимараты мен оған жапсарлас үш қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Оқиға орнына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары барды.

Фото: Алматы әкімдігі

Related Posts

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды