Алматылық “Қайрат “UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде мадридтік “Реал” командасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды +7.kz.
Алматының Орталық стадионында өткен тарихи ойынды “Қайрат” белсенді бастады. Алматылықтар алғашқы минуттардан-ақ қарсыластың қақпасын нысанаға алып, қауіпті шабуылдар жасады. Бірақ “Реал Мадрид” те қарап қалмады. Қонақтар шабуылға шығып, қақпашы Шерхан Қалмырзаны сынап көрді.
25-минутта “Қайраттың” қақпасына пенальти белгіленіп, Килиан Мбаппе дәл соққымен есеп ашты – 0:1. Екінші таймда да ол өзінің шеберлігін көрсетті. 52-минутта екінші голын, ал 74-минутта хет-трик жасап үшінші голын енгізді.
83-минутта Камавинга тағы бір гол соқты. Ал соңғы сәттерде Браим Дияс нәтижені түйіндеп, “Реалдың” бесінші голын салды.
Осылайша “Қайрат” “Реал Мадридке” 0:5 есебімен есе жіберді.








