Алматылықтар жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама алды

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама келіп, қалада сиреналар ойнады, деп хабарлайды +7.kz.

Алайда әлеуметтік желіде алматылықтар жер дүмпуі сезілмегенін айтып жатыр.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында сейсмикалық белсенділік тіркелгенін хабарлады. Бірақ ол халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндірмеді.

Жер сілкінісі

“Сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде жіберілді. Бұл хабарлама жүйенің тестілік режимдегі жұмысының бір бөлігі және қате емес. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының датчиктері мен жабдықтарын MassAlert жаппай хабарлау жүйесіне байланыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр”, — деп хабарлады ТЖД.

Ресми мәліметіне сәйкес, мамандар сейсмикалық станциялар мен датчиктерді зерттеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

“Халыққа жолданатын хабарламалар болашақта барынша нақты әрі түсінікті болуы үшін параметрлер мен алгоритмдерді нақтылау және баптау жұмыстары жүргізілуде”, — деп мәлімдеді департамент.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 12:20-да Қырғызстан аумағында тіркелген. Зілзаланың магнитудасы – 3,4. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 156 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды