Apple тарихтағы ең қымбат iPhone телефонын шығармақ

Apple компаниясының тарихтағы ең қымбат телефоны бүктемелі iPhone болмақ, оның 1800 бен 2000 АҚШ доллары аралығында болады деп жоспарланған, деп хабарлайды +7.kz UBS инвестициялық банкінің сарапшыларына сілтеме жасап.

Бұл компания тарихындағы ең қымбат iPhone болады,  тіпті бастапқы бағасы 1599 доллардан басталатын MacBook Pro-дан да қымбат.

Жаңа құрылғы туралы не белгілі?

UBS мәліметінше, бүктемелі iPhone қазіргі ең жоғары деңгейлі модельдерден де қымбат болады. Мысалы, iPhone 15 Pro Max бағасы 1199 доллардан басталады. Осылайша, Apple бүктемелі Samsung флагмандарының бағасымен теңеседі, АҚШ-та Galaxy Z Fold 7 бағасы 1999 доллардан басталады.

Сарапшылар құрылғының қалыңдығы қандай болатыны туралы болжамдарымен де бөлісті. Weibo әлеуметтік желісіндегі қытайлық Instant Digital аккаунтының мәліметінше, бүктемелі iPhone ашық күйінде кемінде 4,8 миллиметр қалыңдықта болады. Салыстырар болсақ, Galaxy Z Fold 7 — небәрі 4,2 миллиметр.

Apple, iPhone 17

Бұған дейін танымал сарапшы Мин-Чи Куо iPhone-ның ашылған кездегі қалыңдығы небәрі 4,5 миллиметр болады деп болжаған еді. Алайда соңғы мәліметтерге сүйенсек, Apple бұл межеге жете алмауы мүмкін.

Сарапшылардың мәліметінше, жаңа модельдің жаппай өндірісі 2026 жылдың екінші жартысында басталады. Демек, жаңа құрылғының таныстырылымы сол жылы өтуі мүмкін.

Айта кетейік, Apple бүктемелі құрылғылар нарығына едәуір кеш қосылуда, Samsung мұндай модельдерді 2019 жылдан бері шығарып келеді. Алайда Купертино қаласындағы компания үшін «асықпай, сапалы жасау» басты қағида екені белгілі. Бұл тәсілдің нәтижесі қандай болатынын 2026 жыл көрсетеді.

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 128 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды