Армения Тоқаевты “бейбітшілік көпірі” деп атады

Арменияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты армян халқының досы және бейбітшілік көпірі деп атады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Арменияның Zarkerak.am жаңалықтар порталында дәл осындай тақырыппен мақала жарық көрді. Kazinform осы мақаланың бейресми аудармасын оқырман назарына ұсынады.

“Соңғы айларда армян-әзербайжан қарым-қатынасында байқалып отырған оң ілгерілеушілік тосын жайт емес. Ол — екі елдің саяси еркі ғана емес, сонымен қатар бірқатар серіктес мемлекет пен олардың көшбасшыларының дәйектім күш-жігерінің нәтижесі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “негізгі” десек артық айтқандық болмайтын рөлі ерекше байқалады. Тоқаев алғашқы күннен-ақ өзін теңгерімді әрі сындарлы көшбасшы ретінде танытып, Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнату тек өңірлік қана емес, сонымен бірге еуразиялық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екендігін үнемі баса айтып келді”,  – деп жазады басылым.

Оған қоса басылым, Тоқаевтың  Армения басшылығына да, армян халқына шынайы қарым-қатынасымен ерекшеленетінін алға тартты.

“Қасым-Жомарт Тоқаев еш уақытта да жалаң саяси есепті басшылыққа алған емес. Барлық тарапқа да ұзақмерзімді табыс әкелетін шешім табуға ұмытылды. Оның арағайындық әрі қолдаушы рөлі Әзербайжаннан Армения бағытына транзиттік дәліз ашу мәселесінде айрықша байқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнесін байсалды, бірақ Ереванды да, Бакуді де бейбітшілікке жетелейтін қуатты көпір деп атауға болады. Оның «бәрі жеңіске жете алады» деген көзқарасы бүкіл өңірде жаңа өмір тынысын ашқан формулаға айналды. Армения мен Қазақстанды тарихи, мәдени және экономикалық ортақтастық байланыстырып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен теңгерімді саясатының арқасында жаңа деңгейге көтерілді”, – делінген жарияланған ақпаратта.

Фото: Ақорда

Related Posts

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Алматыда енді жасырын патрульдер айыппұл салады

Алматыда жолдағы тәртіпті күшейту жасырын патрульдеу енгізілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  “STOP бұзушылық” атты ауқымды жедел алдын алу…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды