“Арқанға байлап, сүйреген”: Жетісу облысында ер адам әйелін аяусыз өлтірді деп күдіктелуде

Жетісу облысы, Аксу ауданында 32 жастағы Айзат Жұманова қатгездікпен өлтірілген. Әйелін өтірді деген күдікпен күйеуі қамауға алынды, деп хабарлайды +7.kz.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оны күйеуі – Айбар Жанболат аяусыз ұрып-соғып, тіпті екі жасар қызының көзінше арқанмен атқа байлап, келіншекті сүйреген. Бұл туралы дәрігерлік қорытынды да дәлелдеп отыр.

“Айзаттың денесінде көптеген ауыр жарақаттар анықталған. Оның бас сүйегі мен миы зақымданған, жамбас сүйегі, аяқ-қолдары, мойын және бас сүйегі сынған. Сондай-ақ, денесінде сүйретілген іздер мен білектеріндегі терінің сыпырылып түсуі қатты азапталғанын көрсетеді”, – делінген желіде тараған ақпаратта.

Күдікті күйеуі оқиға жайлы “екінші қабаттан суретке түсіп жатқанда құлап кетті” деп ақталуға тырысқан. Алайда туыстары бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, Айзаттың денесі ауруханаға жеткізілмей тұрып жуылып, үстіндегі киімдері ауыстырылған. Бұл қылмысты жасыру әрекеті болуы мүмкін дейді марқұмның туыстары.

Айзат 22 маусым күні түнгі сағат 2:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның ауруханаға жетпей көз жұмғанын айтқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық іс аясында қылмыстың толық әрі объективті сипатын анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шара қабылданып жатыр. Айғақтар жиналып, мұқият сараптама жасалып жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр. Барлық тараптың уәждері мен нұсқалары тексеріліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

  • Related Posts

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, үндеу жариялады

    Қазақстандық әйел өзінің 30 жыл бұрын зорланғанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды +7.kz…

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды