Астана маңындағы ауылда ер адам ата-анасын және екі туысын аяусыз өлтірген

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында ер адам ата-анасын және екі туысын аяусыз өлтірген, деп хабарлайды +7.kz  ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың ішінде 18 жастағы бойжеткен де бар. Марқұмдардың туыс әпкелері күдікке ілінген ұл 1983 жылғы азамат, оның психикалық ауытқуы бар екенін айтады.

“Ағам 1966 жылы туған, ал оның ұлы Юра 1983 жылғы. Ол бұрыннан ажырасқан. Немересі Настя деген қыз бар, 18 жаста, медицина колледжінің бірінші курсында оқыған. Ол солармен бірге тұрған, демалыс күндері заттарын алып кету үшін келген екен. Ол есепте тұрған. Ағам бізде Новосібірде тұрады, ол соған қоңырау шалып, шағымданып жүрген. Мен “Неге маған хабарласпады?” дедім. Маған айтқанда, мен оны бірден тиісті жерге орналастырар едім. Екі жыл бойы ол төсек тартып жатып қалды. Үшінші сыныпта оқып жүргенінде оны ақыл-ойы кем деп таныған”, – дейді отбасының туысы Галина.

Ал іргелес орналасқан, 25 жыл бойы көрші болып келген тұрғындардың айтуынша, бірді-екілі жедел жәрдем көлігінің келгенін көргені болмаса, күдіктінің қандай да бір психикалық дерті бар екенін білмеген. Ата-аналарымен де жақсы араласыпты.

“Бұрыннан қызын танимыз немересін танимыз. Көретінбіз енді дүкенге барғанда амандасамыз. Баласын былай сырттай көретінбіз былай араласпайтынбыз. Өзіміз таңғалып отырмыз сырттан баласын көретінбіз өзімен өзі жүретін. Иә әрине қорқыныш бар жанымызда сондай бір қылмыскер тұрғанын әлі күнге дейін сенбей отырмыз. Былай өзімен өзі жүрген ер адам еді”, – дейді көршілері Анаргүл Ибраимбекова.

Қанды оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшыларының айтары мынау.

“Мессенджерлерде Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылында отбасының қатыгездікпен өлтірілгені туралы ақпарат тарауда. Хабарламаларда ұлы өз ата-анасы мен кіші қарындасын өлтірген болуы мүмкін екені айтылуда. Полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Белгілісі, қазір қылмысқа қатысы бар деп танылған азамат қолға түсіп, қамауға алынды. Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото: Видеодан скрин

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды