Фото: Әлеуметтік желіден
Алуаның отбасына әкімдік 4 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды +7.kz.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдік жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстапты.
Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі.
“Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын”, — делінген хабарламада
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада автобус бағанға соғылып, бірнеше адам жарақат алғанын жазған едік. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген болатын.
Артынша бір жолаушының аяғы ампутацияланғаны хабарланды.
Кейін зардап шеккен баланың отбасына 30 млн теңгедей берілетіні белгілі болды.








