Астанадағы Министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты, деп хабарлайды +7.kz.
Белгісіз бір ер адам оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш зат шашқан.
“Кейін өртті тұтатты деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Бұл оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда”, – деп мәлімдеді Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тарапынан жылдам сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Коллаж: plus7.kz








