Астанада кран аударылып, жұмысшы қаза тапты

Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz

Астанада «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылған. Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Желідегі ақпаратта 18 шілде сағат 20:07 шамасында желден құрылыс алаңында кран мұнарасы аударылып, бір жұмысшы қаза тапқаны жазылған.

Оқиғаға қатысты BI Group құрылыс компаниясы түсініктеме берді.

“Кран техникалық жағынан дұрыс күйде болды және барлық техника сияқты жұмыс басталғанға дейін міндетті тексеруден өтті. Оқиға болған кезде кран операторы жұмысты аяқтаған еді. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан бір адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметтерінің дауыл туралы ескертуі оқиға болғаннан кейін ғана келді. Біз қаза болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз”, — делінген компания таратқан хабарламада.

Оған қоса, BI Group құрылыс компаниясы қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

“Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Біз қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетіп, тергеу нәтижелері бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Қаза болған адам мердігер ұйымның қызметкері болған”, – деп атап өтті құрылыс компаниясынан.

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды