Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
24 қараша 18:30 шамасында қыз үйден шығып кетіп, байланысқа шықпаған. Ата-анасы сағат 21:00-де полицияға өтініш берген.
Бірнеше сағаттан кейін оның денесі өзеннен табылды. Қазір полиция суицид фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
“Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда”, — деп түсіндірді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Видеодан скрин








